• Жобалауға берілген лицензия - 1 санат
  • Тау кен, мұнай химия, химиялық, мұнай газ өңдеу өндірістерінің технологияларын жобалау мен сараптауға берілетін лицензия
  • ҚОҚ саласындағы жұмыстарды атқаруға берілетін лицензия
  • Ресей Федерация аумағында жобалауға берілетін рұқсат
  • Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жұмыстарды атқару құқығына берілетін аттестат

Сала бойынша қимадағы өнеркәсіптік кәсіпорындарды жобалау

Өнеркәсіптік кәсіпорындарды құрылыстық жобалауға өндірістік ғимараттар мен құрылыстарды жобалаумен қатар өнеркәсіптік кешеннің аумағындағы өндірістікемес маөсаттағы нысандарды да жобалау кіреді.

 

Өнеркәсіптік кәсіпорындарды жобалау - жобалаудың ең күрделі саласы, бұл салада KPSP  жобалық институті бірнеше онжылдықтар қатарына Қазақстан бойынша жетекші жобалық институттардың бірі болып табылады.

 

Өнеркәсіптік мақсаттағы нысандарды жобалау кезінде ең күрделі болып салалық ерекшелікті есептеу саналады. Жобаланатын өндірістік технологиясы оның конструктивтік шешімдер, технологиялық және инженерлік құралжабдықтардың таңдауын анықтайды. Осы ретте міндетті түрде техногендік факторлар: қоршаған ортаға әсер мен адамның өміріне әсері ескеріледі.

 

Басты жобалаушыны таңдау осындай мәселелерді шешуде маңызды рөл атқарады.

ӨНЕРКӘСІПТІК ЖОБАЛАУ ҚЫЗМЕТТЕРІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ САЛАЛАРЫ

KPSP командаы кәсіпорындардың толыққанды жаңа құрылысын, бөлек цехтар, сонымен қатар реконструкция, модернизация және қолданыстағы өндірістерді кеңейту жобаларын жасайды.

 

Шетелдік жобалық компаниялармен жұмыс уақытында жинақталған көптеген салалардағы заманауи технологиялық, инженерлік шешімдер саласындағы білімнің ауқымды базасы KPSP мамандарына жаңа заманауи жобалар мен стандарттарда лезде бағдар алуға мүмкіндік береді.

 

KPSP жобалық институтының тәжірибесі мол және өнеркәсіптік жобалау қызметтерін ұсынатын негізгі салалық бағыттар:

  • Металлургия кәсіпорындарын жобалау
  • Тау кен байыту комбинаттары, фабрикалар мен қалдық қоймаларын жобалау
  • Көлік инфрақұрылымының нысандарын жобалау

-   Авто және темір жолдар, терминал нысандары, көлік-логистикалық кешендер, теңіз және өзне көлігінің инфрақұрылымы (кемежайлар, гидротехникалық құрылыстар), темір жол және әуе вокзалдары

  • Машина жасау зауыттарын жобалау: жалпы машина жасау, метал бұйымдары мен дайындамаларды жасау
  • Мұнай газ саласының нысандарын жобалау

-   Мұнай мен газды өндіру мен сақтау бойынша өндірісті жобалау

-   Мұнай химиялық және мұнай өңдеу өндірістерін жобалау

-   Мұнай мен газды магистралды және кәсіптік тасымалдау нысандарын жобалау

  • Химиялық зауыттарды жобалау

-   Глифосат, фосфорит, сода және өзге қосылымдарды өндіру бойынша химиялық зауыттың құрылысының жобалық құжаттамаларын жасақтау

  • Жанармай-энергетикалық кешенінің кәсіпорындарын жобалау

-   Өндірістік жылу қазандығымен қатар жылу электр централі, жылу электр станцияларының құрылысының жобалық құжаттамаларын жасақтау

-   Қосалқы салалар: жанармай өнеркәсібі, электр энергетикасы, электр энергиясын тасымалдау мен тарату

  • Құрылыс материалдары зауытын жобалау: цемент, шыны, өнеркәсіптік газдар
  • Ауыл шаруашылығы саласының кәсіпорындарын жобалау: сақтау және өңдеу
  • Фармацевтикалық өндірісті жобалау