• Жобалауға берілетін лицензия - 1 санат
  • Тау кен, мұнай химия, химиялық, мұнай газ өңдеу өндірістерінің технологияларын жобалау мен сараптауға берілетін лицензия
  • ҚОҚ саласындағы жұмыстарды атқаруға берілетін лицензия
  • Ресей Федерация аумағында жобалауға берілетін рұқсат
  • Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жұмыстарды атқару құқығына берілетін аттестат

Өнеркәсіптік және азаматтық нысандарды кешенді жобалау

КПСП жобалық институты күрделілігі түрлі деңгейдегі өнеркәсіптік және азаматтық нысандарды, соның ішінде аса қауіпті өнеркәсіптік нысандарды кешенді жобалау саласында қызмет атқарады. Ғимараттар мен құрылыстарды кешенді жобалау дегеніміз - жобалау-сметалық құжаттардың барлық тарауларын жасақтау.

 

КПСП келесі типті нысандарды кешенді жобалау қызметтерін жүзеге асырады:

  • Өнеркәсіптік нысандар

КПСП түрлі салада жұмыс істейтін кәсіпорындарға арналған өндірістік, энергетикалық, қосалқы, қоймалық және өзге нысандарды кешенді жобалау қызметтерін ұсынады (Сала бойынша қимадағы өнәркәсіп нысандарын жобалау).

  • Желілік нысандар (Желілік құрылыстарды жобалау)

Темір жол, автомобиль жолдары, электр тораптары, байланыс желілері, тұрба құбырлары, көпірлік өткелдер.

  • Азаматтық нысандар

Компанияның мамандары бизнес-орталық, сауда-демалыс орындары, тұрғын ұй кешендері, спорттық және концерттік нысандардың кешенді жобалаумен айналысады.

КПСП ҚОСЫМША ИНЖИНИРИНГТІК ҚЫЗМЕТТЕРІНІҢ КЕШЕНІ

 

Тапсырыс берушінің тапсырмасына және қолда бар кіріс мәліметтеріне қарай біздің мамандар жобалаудың негізгі кешеніне кірмейтңн өзге инжинирингтік қызметтер көрсете алады, нақтырақ:

  • Жобалауға бастапқы мәліметтерді жинақтау
  • Шығыс-рұқсат құжаттарының аудиті
  • Құрылысқа арналған алаңда инженерлік зерттеулер
  • Тұжырымдама, техникалық-экономикалық негіздемені (ТЭН) жасақтау
  • Жобаларды Мемлекеттік идарадан тыс сараптамадан өткізген кезде жобаны сүйемелдеу
  • Құрылысқа авторлық қадағалау жүргізу
  • Атқарушы құжаттарды даярлау
  • Жобалық шешімдердегі өзгерістерді келістіру
  • Құрылыс конструкцияларын техникалық зерттеу

ҚАЗАҚСТАНДА (ҚР) ЖӘНЕ РЕСЕЙДЕ (РФ) ҚҰРЫЛЫС ЖҮРГІЗУГЕ ЖОБАЛЫҚ-СМЕТАЛЫҚ ҚҰЖАТТАР ЖАСАҚТАУ

Құрылыс жүргізуге жобалық құжаттаманы кешенді жасақтауға келесі негізгі тарауларды дайындай кіреді:

  • Нысанның басты жоспары (БЖ) және тасымалды ұйымдастыру
  • Архитектуралық-құрылыс шешімдері (АШ)
  • Құрылыс конструкциялары:

метал конструкциялар (МК)

темір бетон конструкциялар (ТК)

  • Технологиялық шешімдер (ТШ)
  • Инженерлік желілердің құрылысының жобалық құжаттамасын жасақтау (ИНЖЕНЕРЛІК ЖЕЛІЛЕР МЕН ЖҮЙЕЛЕРДІ ЖОБАЛАУ)

Жылыту, желдету және салқындату жүйелерін жобалау 

"Жылу механикасы" тарауын жасақтау

Жылу желілерін жобалау

Сумен қамту және кәріз желілерін жобалау

Электрмен жабдықтау, электрмен жарықтандыру, күш электр құрал-жабдықтарын жобалау

БӨҚ және автоматика тарауын жобалау

Аз токты жүйелерді жобалау

ЖСҚ арнаулы тарауларын жасақтау:

  • Өнеркәсіптік қауіпсіздік
  • Қоршаған ортаға әсерін бағалау (ҚОӘБ)
  • Құрылысты ұйымдастыру жобасы (ҚҰЖ)
  • Сметалық құжаттаманы жасақтау

Құрылыстағы жобалаудың кезеңділігі нысанның күрделілік санатынына байланысты анықталады және бір немесе екі кезеңде жүзеге асуы мүмкін: "РП" кезеңі немесе "П"+"Р" кезеңдері. Жобалау кезеңдерінің санын тапсырыс беруші мен бас жобалаушы қолданыстағы құрылыс нормаларын ескере отырып анықтайды. әрбір кезең дербес орындалуы мүмкін, яғни "Жоба" және "Жұмыс құжаттамасы", сонымен қатар "Эскизді жоба" бас жобалаушы мен тапсырыс берушінің қалауына қарай түрлі жобалық компаниялармен атқарылуы мүмкін.

ЕКІКЕЗЕҢДІ ЖОБАЛАУ

"ЖОБА" КЕЗЕҢІ ЖӘНЕ "ЖҰМЫС ҚҰЖАТТАМАСЫ" КЕЗЕҢІ

 

Екікезеңді жобалау "Жоба" және "Жұмыс құжаттамасы" кезеңдерінен тұрады, жобалаудың негізгі технологиясы болып табылады, себебі ҚР құрылыс нормаларына сай "құрылыстың нормативтік мерзімі 24 айдан асатын, жобалау кезінде бастапқыда берілген шамаларды нақтылау мен детализациялауды талап ететін барлық нысандар" екі кезеңде жобаланады.

 

1 кезең "Жоба". Нысанның орналасуы, инженерлік құрал-жабдықтар мен қолданылатын технологияларға қатысты жобалық шешімдер жасақталады. Бұл кезеңде жобалық құжаттама жобалардың мемлекеттік сараптамасынан келісімнен өтеді.

 

2 кезең "Жұмыс құжаттамасы". 1 кезеңдегі жобалық құжаттамалар өтетін жобалардың Мемлекеттік сараптамасынан оң шешім алған соң құрылыс-монтаж жұмыстарын жүзеге асыруда пайдаланылатын жұмыс құжаттамасы жасақталады. Жұмыс құжаттамасына бірінші кезеңде қабылданған барлық жобалық шешімдерді нақтылайтын детальдандыратын сызбалар, детальдық сметалар және өзге де құжаттар кіреді.

 

*ҚР ҚН 1.02-03.2011. "Құрылыстың жобалық құжаттамасын жасақтау, келісімдеу, бекіту және құрамының тәртібі"

 

ЕКІКЕЗЕҢДІ ЖОБАЛАУДЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҒЫ

 

  • Жобалық құжаттамадағы қателердің мейлінше аздығы, яғни, құрылыс-монтаж жұмыстарының мейлінше жылдам және сапалы орындалуы
  • Бұрыс қабылданған жобалық шешімдерді жетілдіру қажеттілігінің қаупін азайту
  • Қандайма болмасын жобалық шешімдерді жобалардың Мемлекеттік сараптасы қабылдамаған жағдайда жұмыс құжаттамасын түзету қажеттілігінің қаупін азайту

"ЭСКИЗДІ ЖОБА" КЕЗЕҢІ

Жобалаудың негізгі кезеңіне дейін егер нысан елдімекен аясында орналасса,  міндетті түрде орындалады. Эскизді жоба жобалауға берілген тапсырма мен ұсынылған бастапқы мәліметтердің негізінде жасақталады және қалалық архитектура органдарымен келістіруге жатады.

БІРКЕЗЕҢДІ ЖОБАЛАУ

"ЖҰМЫС ЖОБАСЫ" КЕЗЕҢІ

 

Біркезеңді жобалауда жобалық құжаттама мен жұмыс құжаттамасы бірге жасақталады және "Жұмыс жобасы" құжатымен ұсынылады. Жұмыс құжаттамасы жобалық құжаттамасының Мемлекеттік сараптамадан келісім алғанын күтпестен жасақтала береді, бұл техникалық тұрғыдан күрделі емес нысандар, күрделі жөндеу нысандары кезіндегі жобалаудың қомақты емес көлемі үшін ыңғайлы.

 

БІРКЕЗЕҢДІ ЖОБАЛАУДЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ

 

  • Жобалаумерзімінің 2 есе қысқаруы
  • Жобалау құнының 40 пайызға қысқаруы