• Мекенжай: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қ, Дінмұхамед Қонаев к, 29/1, e-mail: press@kpsp.kz

Құрық кемежайындағы паром кешенінің құрылысының барысын ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин тексерді (жобалаушы - KPSP)

ҚР Бірінші вице-министрін Құрық кемежайындағы бірінші іске қосу кешенінің нысандарының құрылысының аяқталу кезеңі туралы ақпараттандырды. Асқар Мамин Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен барды, осында ол паром кешенінің құрылысының барысын тексерді. 

Ерсай станциясынан Құрық кемежайына дейінгі ұзындығы 12 километрден астам темір жол учаскесінің рельс шпалалары толығымен салынды. Жолды қиыршық таспен балласттау бойынша жұмыстар аяқталды. 4,3 млн м3 көлемінде топырақ ойылды. Сонымен қатар 400 мың тонна кесек тас көлемінде батыс қоршау молын тұрғызу бойынша жұмыстар жасалды. кірме канал мен кемедай акваторийінің түбі 525 мың м3 топырақ көлемінде тереңдетілді. 

 

10 кВт сыртқы электрмен қамту желілері құрылды. Көтеру-өткел көпірінің құрылысы бойынша жұмыстар қызу жүруде. Құрық кемежайының бірінші қосу кешенінің нысандары ағымдағы жылдың соңына дейіне қолданысқа енгізіледі. 

 

 

"Құрық кемежайындағы паром кешені" Транскаспий халықаралық транспорттық маршрутының көлік-логистикалық жүйесінің маңызды бөлшегі болып табылады. Ол Қазақстанның транзиттік-транспорттық әлеуетінің артуына серпін береді және "Жаңа Жібек жолы" жобасының жүзеге асуына септеседі" деді А.Мамин.

 

Құрық кемежайындағы паром кешенінде тәулігіне 5 паром қызмет көрсетеді, осылайша жылына 4 млн тонна көлемінде жүктердің тасымалын қамтамасыз етеді. 

 

Ақпарат көзі: https://bnews.kz