• Тапсырыс беруші: " Қарағанды Энергоцентр" ЖШС
  • Жүзеге асыру орны, жылы: Қарағанды: 2013 жыл
  • ТЭК: бу турбинасының қуаты 110 мВт/115 мВт. Қуаты сағатына 670 тонна қазан. Жобаланатын ғимараттардың жалпы алаңы - 13250  шарты метр

ҚАРАҒАНДЫ ЖЭЦ КЕҢЕЙТУ МЕН ЖАҢҒЫРТУ

Қарағанды ЖЭЦ-3 - Қарағанды қаласынан солтүстікке қарай 2,5 км қашықтықта орналасқан аймақтық мәнісі бар электростанция. ЖЭЦ қайта құру Қарағанды аймағында энергия дефицитін төмендету мақсатында жүзеге асырылды.

Учаскенің жалпы алаңы - 30450 шаршы метр. Жобаланатын ғимараттардың жалпы алаңы - 13250 шаршы метр. Кәсіпорынның заттай көрінісіндегі қуаты: қуаты 110 мВт/115 мВт бу турбинасы және қуаты сағаты 670 т қазан.

 

ЖЭЦ-3 аумағында жаңа ғимараттар мен құрылғылардың құрылысы жүзеге асты:

  • басты корпус (кеңейту)
  • тарту-үрлеу құрылғысы
  • тозаң ұстайтын құрылғылары
  • циркводовод
  • бас трансформатор
  • с.н. в.н. трансформатор
  • градирня
  • өртке қарсы сорғы станциясы
  • электр фильтрлерінің электр тарату камерасы
  • айналмалы судың ысырмасы камерасы 
  • майды апаттық ағызу резервуары

 

Сонымен қатар, ЖЭЦ-3-ті қайта құру жобасында қуаты 110 мВт тұрба генераторы және жылу қуаты 180 Гкал/са, қазандық агрегаты қондырылған энергетикалық блоктың құрылысы қарастырылды.

 

Станцияда бір қазандық агрегатының күрделі жөндеуі жүргізіліп, үш қазандықтың ағымдағы жөндеуі аяқталды , №5 станциясындағы тұрба агрегаты жөнделді және №6 станцияда монтаждық жұмыстар жүргізілді. Жанармай-көлік цехінда үлкен жұмыстар атқарылды, ленталық конвейерлердің жалпақтығы мен өткізу қабілетін арттыру мақсатында оларды реконструкциялау жұмыстары аяқталды. Зиянды шығарылымды азайту үшін көмірқышқыл газы мен өзге де шамалардың құрамын өлшейтін жаңа газ анализаторлары орнатылды. 7 қазандық агрегатының алатуында жаңа көмір ұстайтын қондырғылар орнатылды - экологиялық сүзгінің қызметін атқаратын эмульгаторлар. 

 

Құрал-жабдықтарды жеткізу және жөндеуді жүзеге асыру бойынша бас мердігер болып 1978 жылы негізі қаланған Қытай машина жасау инжинирингтік корпорациясы (СМЕС) - жобалау, құрылыс, сауда және ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысатын танымал фирма-мердігер таңдап алынды. 

 

ЖЭЦ-3 тің ие-компаниясы - "Қарағанды Энергоцентр" ЖШС, Қарағанды қаласы және Қарағанды облысы бойынша жылу энергиясының жалғыз орталықтандырылған жеткізушісі. 3 -кезекті енгізумен қоса алғанда Қарағанды ЖЭЦ-3-ін кеңейту бойынша жобаның құны 27,7 млрд теңгені құрады.