• Тапсырыс беруші: «Continental Logistics» ЖШС ("КТЖ" ҰК" АҚ)
  • Жүзеге асыру орны, жылы: Астана, 2014 жыл
  • ТЭК: Жалпы алаңы 47000 шаршы метре. Контейнерлік алаңқайдың жалпы алаңы 48638 шаршы метр

АСТАНА ҚАЛАСЫНДАҒЫ КӨЛІК-ЛОГИСТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ. 1-КЕЗЕК

Астанадағы көлік-логистикалық орталық - А+ класс категорисына жататын Орталық Азиядағы ірі КЛО, оның қызметінің негізгі мақсаты - халықаралық және республикалық жүк ағыны, сонымен қатар тауарларды қалалық және аймақтық тарату қызметіне арналған қоймалық және ілеспелі қызметтерді ұсыну.

Қазақстанның ірі қалаларында логистикалық кешендерді дамыту аймақтардың заманауи қоймалық орындарға қажеттілігін қамтамасыз етуге, сонымен қатар көршілес елдерді қоса қамтитын тарату орталықтарын құруға мүмкіндік береді.

 

"Астана" логистикалық орталығы Қарағанды-Астана республикалық магистралінде орналасқан Көліктік байланыстар Астана-Қарағанды трассасынан  автокөлікпен және "Сороковая" стансасынан темір жол көлігі арқылы жүзеге асырылады. Қоршалған аумақтың алаңы 33,6296 га, қоршаудың сыртында - 19,8055 га құрайды. Жалпы алаңы - 51 га.

 

КЛО 1 іске қосу кешеніне келесі нысандар кіреді:

  • Құрғақ сақтау қоймасы
  • Климаттық қойма
  • Контейнерлік алаң
  • Мосылық кран алаңы
  • Жанармай қоймасы бар стационарлық жылу қазандығы
  • Сорғылық өрт сөндіру станциясы
  • Көлемі 1000 куб метр судың өрт сөндір қоры бар резервуарлар
  • Жауын шашын ағындарының сорғылық станциясы, жинақтаушы сыйымдылық
  • Жауын шашын ағындарын тазарту құрылғылары резервуарлармен
  • Трансформаторлық қосалқы станция

 

Логистикалық орталықтың 2 іске қосу кешеніне мыналар енеді:

  • Сауда орталығы
  • Жанармай қоймасы бар  жылу қазандығы
  • Трансформаторлық қосалқы станция
  • Контейнерлік алаң
  • Жеңіл және ауыр салмақты автомобильдерге арналған автотұрақтар

 

Астанадағы КЛО аумағында тауарды темір жол составынан автокөліктерге және керісінше түсіру және тиеу жұмыстары ұйымдастырылған. Кірме темір жолдарының 5 километрі тікелей қоймаға тартылған. Қоймалар жаңа құрал-жабдықтармен - жүктердің алуан түрлерін тасымалдауға арналған базаны жасақтауға және тиеу-түсіру аумағының өткізушілік қабілетін күніне 1000 паллетке дейін арттыруға мүмкіндік беретін стеллаждық конструкциялар, биіктік ричтрактар, автоматтық доктармен жабдықталған. 7 ярустық сақтаудағы паллет орындарының сны 55000 дананы құрайды, терминалдың аумағындағы бірмезеттік сақтау - 40000 ірі тонналық контейнерлерге дейін.

 

Жобаның операторы - Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік мәнісі бар ірі көлік-логистикалық холдингі "КТЖ" ҰК" АҚ. "КТЖ" АҚ КЛО-тарының ішкі және сыртқы желілерін қалыптастыру есебін көлік-логистикалық қызметтерді арттыруды қарастырады.